Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы Өскемен қаласына келді

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2016
  • 2016

«Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы Шығыс Қазақстан өңіріне ат басын бұрды. Партияның республикалық қоғамдық штабының мүшелері өскемендік сайлаушылармен жүздесті.

Кездесу аймақтағы маңызды кәсіпорынның бірі «Айтас МП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өтті. Аталған кәсіпорын құс етін өңдеумен айналысады. Жылына 6 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Партия өкілдері цехтарды аралап, ондағы құрал-жабдықтармен және шығарылған өнімдермен танысты. «Ауыл» партиясы өз сайлауалды бағдарламасында отандық шикізатты қолдануға баса мән береді. Сондай-ақ партия өндіріс орындарын несиелендіру мен субсидиялау мәселесіне де көңіл бөліп отыр.

Толымбек Ғабділәшімов, «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары:

Мына бүгін «Айтас» еңбек ұжымына келіп отармыз. Негізі еңбек істеп жатқан жұмысшылардың көңіл-күйі жақсы.  - Бұлар енді осы істеген жұмыстарына қатты риза болып отыр. 

Наталья Тоғызбаева қалыптаушы:

«Ауыл» партиясы өз сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылық кешендерін дамытуға баса назар аударып отыр. Бұл  қуантарлық жағдай. Олар ұсынып отырған несиелендіру мен субсидиялаудың тетіктері ауыл бизнесінің дамуына септігін тигізеді деп ойлаймын.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ