Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықты тұрғын үймен қамтитын 7-20-25 бағдарламасының бір тиыны да ұрланбасын - Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2018
  • 3574

Халықты тұрғын үймен қамтитын 7-20-25 бағдарламасының бір тиыны да ұрланбасын. Жер телімдерін рәсімдеу барысында жемқорлыққа жол берілмесін. «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма міндеттеді. Кәсіпкер мен шенеунік арасындағы байланысты үзуді тапсырып, азаматтарды жалқаулықты қойып, кәсіп ашып талпынуға шақырды.

«Нұр Отан» партиясы - жай ғана саяси партия емес, нақты істердің партиясы. Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Президент осылай деді. Бүгінде партия жұмысын жаңғыртып, идеологиялық бағыттағы міндеттерін іске асыру үшін 22 жаңа жобаны қолға алды. Оның бірі -  партия жұмысын толықтай цифрлы форматқа көшіру. Мектеп асханаларында берілетін тағам сапасын жақсарту арқылы бала денсаулығына көңіл бөлу, алдағы үш жылда бір мыңдай тегін IT сыныптар ашу да маңызды міндеттер қатарында. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Партиямыздың алдында Қазақстанның дамуына жүйелі түрде қатысатын стратегиялық күш болып қалыптасу міндеті тұр. Еліміздегі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші ретінде тың идеялар мен ұсыныстардың өзегіне айналу да - біздің басымдылықтарымыздың бірі. Халықтың өмір сапасын жақсартып, ел ауқатын арттыруға бағытталған 5 бастама да жаңа межелерді анықтап берді.

Партияның шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жобалары да баршылық Кәсіпкерлер көбінесе жер телімдерін алуда ашық ақпараттың жоқтығына шағымданады. Жердің құжаттын рәсімдеу әдетте 150 күнге созылады. Қызылорда облысы бұл мерзімді 29 күнге дейін қысқартқан. Президент кәсіпкерлікті қолдау үшін онлайн-сервис жүйесін қосуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мәселе тек қана іс адамдарына жер алып, жұмыс істеу емес, мәселе әр қайсы шендінің артынан жүреді. Ал, ол келгенін жақсы көреді, себебі бос келмейді. Барлық бәле сол жерде. Біреу бірдемеге рұқсат берсе, сол үшін бірдеме жасап бер деп отырады. Бұл жемқорлыққа қарсы күрестің негізігі мәселесі шенеунік пен іс адамының тікелей қатынасынан ажырату керек. 

Президент «Дипломмен ауылға» бағдарламасын тоқтатпауды міндеттеді. Жастардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысын ояту үшін партия жағдай жасауы тиіс. 5 әлеуметтік бастамада көтерілген жатақхана құрылысына жазда студенттік жасақтарды тартуты ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Почему у меня эта идея родилась? Я ходил по городу и видел, как студенты Астаны на базаре в лачугах у старушек живут, чтобы попросту переночевать. Ни заниматься, ни помыться, ничего там нет. О каком образовании можно вести речь? Поэтому я считаю, что это великое благо для нашей молодёжи - получение нормальных условий для образования.

Вице-премьер Ерболат Досаевтың сөзінше, 2019 жылы жатақханалардан жастарға 5 мың жаңа орын беріледі. Ал 2020 жылы студенттерге 15 мың орын бұйырады. Мемлекет басшысы, сонымен қатар 7-20-25 тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналар оңды-солды тамыр-таныс арқылы таратылмасын деді. Шын мәнінде мұқтаж жандарға жетуі керектігін ескертті. Яғни, ең алдымен, жастар, мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер пәтермен қамтылуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мне говорят: тот, у кого есть, хочет улучшить жилье. Но у него есть крыша над головой, пусть улучшает, развивает, зарабатывает и покупает, а это мы делаем для тех, у кого сегодня никакой квартиры нигде нет. Иначе мы сделаем программу спекулятивной. Он может взять одну, вторую квартиру, две квартиры сдать в аренду и этим заниматься. 

Президент тұрғын үй мәселесіне тиісті көңіл бөліп, ұзын сонар кезек жайын болдырмауды тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

У нас во всех городах, во всех районах существуют очереди. Кто-нибудь видел очереди на квартиры в Германии, Франции или в Америке? Это нонсенс рыночной экономики. Никаких очередей, потому что государство не даёт бесплатных квартир. Какие очереди? Всем партийцам, всем акимам говорю: взять на контроль, нормально работать, не воровать, чтоб точно попало тем, кому действительно нужно.

Елбасы Оңтүстік Қазақстанда балаға қатысты орын алған зорлыққа да тоқталып өтті. Іістің жылы жабылғанын сынады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Какая волокита началась вокруг этого. И не могли никак никого найти, доказать. Знаете почему? Потому что везде в цепочке сидели родственники: полиция, вышестоящие органы, ещё выше тоже родственники. Все делали, чтобы замять это дело.

Мемлекет басшысы тап осы өңір цифрландыру ісін де тездетіп қолға алуы керектігін айтты. Бәрі ашық болса, еден жуушының өзі жұмысқа тұру үшін пара бермейтін болады деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ешқандай реніш болмау керек. Әсіресе жаңа өзің айтқан жұмысқа қабылдауда. Менде неше түрлі хабарлар бар. Мектепте еденді жууға қабылдау үшін пара беру керек. Мектепте мұғалім болу үшін де пара беру керек. Басқа облыста ондай жоқ. Тек сендерде бар. Басқа жерде ондай болса, не болады? 

Астананы газдандыру мәселесіне қатысты істі де аяғына дейін жеткізуді міндеттеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Астанада газ жүргізіледі. Жол бойында елдің біраз бөлігі де көгілдір отынға қол жеткізеді. Экология жақсарады, бизнестің жұмысы жақсарады. Шығын азайып, жақсы мультипликативтік экономикалық тиімділігі байқалады. Мұны біздің халық ешқашан армандап та көрмеген еді. 

Айгүл Әдепбай, тілші:

5 әлеуметтік бастаманың әр бөлігі мен үшін аса қымбат, деді Президент. Сондықтан олар 100 пайыз орындалуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев атлаған бастамаларды тиісті деңгейде орындау «Нұр Отан» партиясы мен Үкіметтің және барлық деңгейдегі әкімдердің мойнындағы міндет екенін ескертті.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының кеңейтілген жиынының толық нұсқасын бүгін сағат 21.30-да «Астана» телеарнасынан көре аласыздар. Жіберіп алмаңыздар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ