Русский Сайттың толық нұсқасы

Назарбаев университеті студенттерінің IV салтанатты оқу бітіру кеші өтті

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2018
  • 6317

Қазақстандағы барлық жоғарғы оқу орындары Назарбаев университетінің білім беру моделіне көшуі керек. Аталған университет түлектерінің салтанатты бітіру кешіне қатысқан президент осылай деді. Елдегі жетекші оқу орны Орталық Азия аймағына танымал білім ордасына айналуы тиіс. Ол үшін алдыңғы қатарлы ғылыми және интеллектуалды ресурстарды тартуымыз керек,  деді Елбасы. Сондай-ақ қашықтықтан білім беру жүйесіне жол ашу жайы айтылды. Президент жастардың білім алуына жұмсалған қыруар қаржы өз нәтижесін береріне сенімді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биыл ЖОО 811 студент табысты аяқтады. Олардың әрбірі Қазақстанның әлуетін арттыруға тың үлес қосатына сенімдімін. 

Биыл университет қабырғасынан студенттердің төртінші толқыны түлеп ұшты. Ал осы уақытқа дейін Назарбаев университетінде білімін шыңдаған 1 800 жас маман диплом алып шықты. Елбасы олардың Қазақстанда, сондай-ақ өзге де дамыған мемлекеттерде нәтижелі еңбек етіп жатқанын баса айтты. Бұның барлығы сапалы білімнің арқасы екеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сингапур, Гонконг, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан сияқты елдерің 14 ЖОО арасында таңдаулы білім ордаларының бірі болып таңдалды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл оқытушылар мен професорлар құрамының және білімге құмар жастардың екпінді еңбегінің арқасы.  Болашақтағы елдің барлық оқу орындары Назарбаев университетінің білім беру моделіне көшуі керек.