Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында менингит белгілерімен ауруханаға түскен адамның халі ауыр

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2018
  • 2872

Қызылорда облысында менингококкты инфекция белгілерімен ауруханаға түскен науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты. 27 жастағы ер адам Жаңақорған аудандық ауруханасына кеше жеткізілген. Науқас тұрған аумаққа жедел түрде мамандар аттанып, тиісті штаб құрылды. Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары ұйымдастырылып жатыр,- деді мамандар. Сондай-ақ науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар, туған-туыстары мен әріптестері жалпы саны 15 адам бақылауға алынған. Отбасы мүшелерінің бірі аудандық ауруханаға жатқызылды. Қалғандары толығымен медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Жақсылық Әбдусаметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Жағдайының нашарлығының алдын алу мақсатында жасанды демалу аппаратына қосылған болатын. Бірақ жағдайының тұрақтылығаны байланысты қазіргі таңда өзі демалып жатыр. Барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген және емін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері мен Жаңақорған аудандын тық ауруханасынын реаниматолог-дәрігерлері қатаң бақылауға алған.

Менингитке шалдығу оқиғалары неге өршіп кетті? Оның алдын алу жолдары мен тиісті бақылау шаралары қалай жүріп жатыр? Осы және өзге де сұрақтарды қамтыған толық ақпаратты сенбі күні сағат 20.45-те "Репортер ұсынады" бағдарламасынан көре аласыздар.