Русский Сайттың толық нұсқасы

78 жастағы атлет!

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2018
  • 2377

Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын 78 жастағы ақсақал Аққоян Ырсалиев жүгірумен айналысады. 40 жыл машинист болып еңбек еткен.

Сергек, ширақ, жүйрік Аққоян Ырсалиев Қазалы ауданының мақтанышы. Ол сегіз жыл бұрын Алматыдағы жаппай халықтық марафонға қатысып, жүлде алғаннан бері ел аузында. Аққоян әкей күнін стадионды айналып жүгіруден бастайды. Кешкі астан кейін тағы жүгіреді. Ауа райына қарамайды. Әскерде десантшы болған ол парашютпен де секірген, бокстан да хабары бар. Спортты дәріптеп жүреді. Алматыда тұратын балаларына барған кезде марафонға қатысуды көршілері ұсыныпты. Әсем қалаға барса болды, Президент паркінен шықпайтын қария спортқа барлық таныстарын тартып үлгеріпті. Салауатты өмір салтын дәріптеген атаның қағидасы қарапайым: тәні саудың, жаны сау! 

Аққоян Ырсалиев, Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны, марафоншы:

Құдайға шүкір, соның себебі-менің деңсаулығым жақсы. 7-8 жылдан бері марафоншы болып келе жатырмын. Мысалы, Алматыда Президент парк ішінде 8 километр,  8 километрден өзім 7 круг жасаймын. Басқалары 5 круг жасайды, артық жүгіре алмайды. Айтады, біз шаршадық, қайттық, дейді. Ал мен добивать етемін. Үйде жатқаннан болмайды. Ондайдың денсаулығы әлсіре бастайды. Сосын ауырам дейді. Адамның өзіне байланысты, денсаулығы.