Русский Сайттың толық нұсқасы

Энергетика министрінің орынбасары тұтқындалды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2018
  • 2834

Энергетика министрінің тағы бір орынбасары қамауға алынды. Бақытжан Жақсыалиев те Бурабай көлін тазартуға бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталады. Бұл туралы бүгін жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Агенттік, күдікті вице-министр 2015 жылы «Аймақ и К» ЖШС мердігер ұйымының мүддесі үшін лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдаланған, деп отыр. Жемқорлықпен күрес мамандары Жақсалиев орындалған жұмыстың көлемі 30 есе артық бағаланғанын біле отырып, жалпы сомасы 863 млн теңгені құрайтын су қоймасының түбінен 109 мың текше метр шөгінділерді алу туралы актілерге қол қойып, аталған соманы мердігерге аударған деп отыр.

Нұрлан Жахин, ҚР МҚІСЖ қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Сонымен қатар, сот сараптамасының қорытындысы бойынша аяқталмаған жұмыстардың құны 746 млн теңгені құрады. Жаксалиевтің заңсыз әрекеттері нәтижесінде мемлекетке аталған сомаға зиян келтірілді. Күдікті үй қамаққа алынды.

Айта кетейік, бұл жемқорлық күдігі бойынша ұсталып отырған Энергетика министрінің екінші орынбасары. Биыл наурыз айында вице-министр Ғани Сәдібеков екі айға қамауға алынды. Оған да Бурабай көлін тазартуға бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.