Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынасты депутаттар сөз қылды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2018
  • 3046

Шекарадағы өткізу бекеттерінде ақпараттардыру, автоматтандыру, электронды бақылау жүйесін жетілдіру қажет. Бұл бірінші кезекте кеденде қатаң тәртіп орнатуға сеп болмақ. Әйтпесе шекарада контрабандалық заттар, заңсыз тауар айнылымына тосқауыл қою қиын. Мұны бүгін депутат Дариға Назарбаева Оңтүстік Қазақстан облысында болған жұмыс сапары кезінде айтты.

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы бастаған бір топ депутат Сарыағаш ауданындағы қазақ-өзбек шекарасына арнайы барды. Олар өзбекстандық әріптестерімен кездесіп, ортақ мәселелерді ортаға салды. Сенатор Дариға Назарбаева азиялық «шенген» құруды ұсынды. Алыс жақын шет мемлекеттерден келетін туристер Орта Азияға жасаған сапары кезінде Қазақстанмен бірге Өзбекстанның да тарихи көрікті жерлерімен таныса кеткісі келетінін тілге тиек етті. Сондықтан туризм бағытын бірлесіп жасағаннан ұтарымыз көп деп отыр. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Европалық және Оңтүстік-Шығыс Азия секілді туристке бай елдер үшін Орталық Азия жақын жер емес. Олар қаншама шақырымды артқа тастап келеді мұнда. Сондықтан бір сапарында олар барлығын бірден көріп қайтқанды қалайды. Ол үшін ортақ визалық кестенің болғаны жақсы. Бұл азиялық «шенген»  болуы әбден мүмкін.