Менингитке шалдыққандардың барлығын бір дәрімен емдеуге болмайды. Бүгін менингококк жұқпасының алдын-алуға арналған отырыста «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова осылай деді.
Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
Әрқайсысының антибиотикке сезімталдығы әртүрлі. Егер біз қазір бір антибиотикті ғана қолданатын болсақ, оның салдары мұнан да жаман болуы ықтимал. Сондықтан да антибиотикке сезімталдығын анықтап, дұрыс шешім қабылдауды өтінемін.
Сонымен қоса, Тамара Дүйсенова науқастарға көмек көрсетудегі басты екі тетіктің әлі де әлсіреп тұрғанын айтты. Ол ұйымдастыру жұмыстары мен сақтық шаралары. Кейін науқаспен байланыста болған азаматтармен де қоян-қолтық жұмыстар атқару қажет. Егер де өз уақытында көмек көрсетілетін болса, онда мұндай жағдайлар болмас еді, - дейді Тамара Дүйсенова. "Нұр Отан" партиясы call-орталық ұйымдастырды. Мұнда хабарласқан адамдар өздеріне қажет барлық сауалдарға жауап ала алады. Сондай-ақ менингитке қарсы сақтық шараларын да біле алады.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Тіпті менингитке қарсы вакцина салдырғанның өзінде, ол біздің ағзамызда 22 күннен кейін ғана оған қарсы иммунитет пайда болады. Тұрғындар өздерінің иммунитеттерін көтерумен айналысу қажет. Яғни салауатты өмір салтын ұстануға, артық жұмыс істемеуге, қоғамдық орындарда көп жүрмеуге кеңес береміз. Егер де қасыңыздағылар жөтеліп жүрсе, онда медициналық маска киіп алыңыздар.