Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалықтардың көгілдір отынға қарызы 751 миллион теңгеге жеткен

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2018
  • 2664

Қызылордалықтардың көгілдір отынға қарызы 751 миллион теңгеге жеткен. Газға жауаптылар бүгін арнайы рейдке шығып, төлем жасамағандарды отыннан ажыратты. Мамандардың айтуынша, 58 мыңнан астам абонент газ пайдаланса, оның 33 мыңы қарыз.

Эльвира Таханова, «Қазтрансгаз» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының бас маманы:

Ажыратып кетеміз, өздері қайтып қосып алатын абоненттер бар. Газ есептегіш құралдын бетін ашып, кері айналдырып қойып қоятын абоненттер бар. Біз ажыратып кеткен жерді резинка шлангамен қосып алып жатыр. Бұл қауіпсіздік шараларына өте қарама-қарсы келетін заңсыз әрекет. Бұл жиналған қарыздар алты ай, тоғыз айдын ішінде жиналған қарыздар.

Сондай-ақ, қара тізімге іліккендердің басым бөлігі коттеджде тұрады. Ал қарыздары 100 мың мен 300 мың теңге аралығында екен. Мамандар қарызы бар барлық абонент отыннан ажыратылады деді. Оларға алдын ала ескерту таратылған деп отыр. Тіпті бөліп төлеуге де мүмкіндік беріп отырғандарын айтты. Соған қарамастан қарызын жабуға асыққандар аз көрінеді.

Шарипа САҚТАПОВА