Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе қаласының маңынан құнды жәдігер табылды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2018
  • 5782

Ақтөбе қаласының маңынан құнды жәдігер табылды. Оны археологтар емес, карьерден құм алып жатқан жұмысшылар қазып алған. Куәгерлер оның қазақ жерінен табылып отырған кезекті «Алтын адам» екеніне сенімді. Алайда ғалымдар: "Қандай да бір тұжырым жасауға әлі ерте",- дейді.

Жәдігерлер 3 метр тереңдіктен шыққан. Киімдері мен ат әбзелдері сары түсті құнды металлмен қапталған ер адамның мүрдесін тарихшылар біздің заманымызға дейінгі 2-4 ғасырларға жатқызады.  Жерленген 40-45  жас шамасындағы адам Ғұн тайпасының көсемі болуы әбден мүмкін деп отыр. Оның жанынан  бағалы тастармен көмкеріліп жасалған өзге де бұйымдар табылыпты. Жәдігерлер әзірге мұражай қорында сақтаулы. Оның ел тарихы үшін қаншалықты құнды екені Алматыдағы зертханада анықталмақ.

Дәулет Әбенов, тарих ғылымдарының кандидаты:

Ер тұрман, оның  ішінде ер тоқым алтындалған. Табылған алтын фольгалар, пластинкалар, осымен ер тоқым қапталған болуы керек. Біз мынау  алтын, мынау күміс, мынау қола деп айта алмаймыз. Оны біз тек болжаммен  айтамыз. Сүйек те, табылған заттар да, артефакт дейміз ғой, олар камералық өңдеуден өтпейінше, біз сенімді түрде ештеңе айта алмаймыз.