Русский Сайттың толық нұсқасы

Үйде отырып жұмыс істейтіндерге шағын несие беріледі

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2018
  • 3195

Үйде отырып жұмыс істейтіндерге шағын несие беріледі. Бұл туралы  Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры  Жеңісбек  Дулатов мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық және шетелдік компанияларға үйде тапсырыстарды орындайтын жас кәсіпкерлер жеңілдік шарттарымен шағын несие ала алады. Бұл жеңілдікке тек нарықта 3 жылдан астам жұмыс істеген кәсіпкерлер өтініш бере алмайды. Биыл елде 62 миллиардтан аса теңгеге 14 мың несие беріледі. Оның 11 мыңын ауылдық жердеріглерге, қалған 3 мыңы қалада кәсіп ашқандарға бөлінетін көрінеді.

Жеңісбек  Дулатов,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:

Ауылдық жерлерде өнімді өндіруде қиындықтар бар. Олар өндіріп алып қайда сату керектігін білмейді. Сондықтан, зәкірлік ауылшаруашылық кооперациялары үшін 10 миллиард теңге қарастырылған. Қаржыландыру ірі өңдеу компанияларымен келісімшартқа қол қою нәтижесінде жүзеге асырылады.

Жеңісбек Дулатов,  несие алуда  шектеу  барын айтты.  Ауыл тұрғындарына 6 млн теңгеге дейін берілсе, якорьлық  кооперацияларға 12 млн, ал Астана, Алматы, Ақтау Атырау өңірлері үшін 19 млн, қалған қалаларға 15 млн теңгеге дейін берілетін болады. Қаржыландыру мерзімі жылына 6%-бен 7 жылға дейін созылады. Шағын несиені алуға ниет білдірушілер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» филиалына тікелей өтініш бере алады.