Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірқатар аймақтардағы көмір өндірушілер мен тасымалдаушылар 200 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2018
  • 2564

Бірқатар аймақтардағы көмір өндірушілер мен тасымалдаушылар 200 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқын қорғау комитеті былтырғы қазан айынан бері тіркелген 20-дан астам заңбұзушылықты анықтап жатқандарын мәлімдеді. 11 жағдай расталған. Астана, Ақтөбе, Алматы мен Қарағандының көмір жеткізуші жеке компания өкілдері бағаны өзара келісіп, пайда тапқысы келген. 200 миллион теңге айыппұлдың 11 миллионы төленген. Жеке компаниялар ғана емес, көмір өндіруші кәсіпорындар да заңды белден басқан көрінеді. Мамандардың айтуынша, оның ішінде "Қаражыра" кен орны да бар.