Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде жұмыссыз жастар саны 84 мыңға өсті

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2018
  • 5428

Елде жұмыссыз жастар 4,5 пайызға артты. Finprom.kz сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, олардың саны былтырғы 80 500-ден 84 мың адамға көбейген. Алматы көш бастап тұр. Екі қолға бір күрек таппай жүргендер саны 16 200 адамды құраған. Ол елдегі 15-28 жас аралығындағы жастардың 19,3 пайызы. Одан кейінгі орында Оңтүстік Қазақстан облысы. Онда жұмыссыздық бір жыл ішінде 54,3 пайызға көбейіп отыр. Мұндағы жастар жұмыссыздығы 8 700 адамнан бірден 13 жарым мың адамға артқан. Үштікке тағы бір ірі өңірдің бірі Қарағанды облысы еніп отыр. Мұнда 7 300-дей адам жұмыссыз. Бұл да былтырғыдан 3,2 пайызға артық. Ал Астанада, керісінше, жұмыссыз жастар азайған. Өткен жылы 6800 адам болса, биыл бір мың адамға кеміген.