Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда тұрғын үй құрылысын салу рекордтық деңгейге жеткен

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2018
  • 3368

Биыл Атырауда 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның бесеуі аудандарда, қалғаны облыс орталығында бой түземек. 34 үй биыл пайдалануға беріледі. Мұндай үлкен көрсеткіш құрылыс саласында ел тәуелсіздігін алғалы болмаған, - дейді жергілікті билік өкілдері. Аталған үйлер "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынып жатыр. Жалпы саны 3 892 пәтер аталған бағдарлама арқылы және «7-20-25» жобасы негізінде несиеге берілмек.

Нұрлан Таубаев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

Кредиттік тұрғын үйлермен қатар, біз кезекте тұрған халықтың 13 санаты үшін әлеуметтік тұрғын үйлер де саламыз. Мұндай көп көлемде пәтерді пайдалануға беру аймақтағы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді деп болжам жасап отырмыз.

Әкім орынбасары Нұрлан Таубаевтің айтуынша, бүгінде кәсіпкерлердің де тұрғын үй құрылысын салуға қызушылығы артқан. Оған аймақтағы қолайлы инвестициялық ахуал мен бизнесті жүргізу үшін жасалған жағдай себеп болып отыр,- деді. Осылайша, жыл сайын пайдалануға берілген баспана саны артып отырғанын айтты. Құрылысқа жауапты компания өкілдері де мемлекет қолдау жасаған жерде жұмыс та өрге басатынын жеткізді.

Еркінбек Нүсіпов, құрылыс компаниясының басшысы:

Біздің компания аймақта бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Құрылысшыларды бұл өңірдің инвестициялық әлеует және климаты да қызықтырады. Әрі мұнда бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасалған.