Русский Сайттың толық нұсқасы

Латын графикасына көшіру орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2018
  • 5829

Алматыда латын графикасына көшуді жеделтеу үшін ұстаздар корпусын дайындау орталығы ашылды. Апробациялық кезеңде латынға көшу үшін 16 министрлік пен 3 жоғарғы оқу орны таңдап алынған болатын. Соның бірі - Қазақ қыздар педагогикалық университеті. Ғалымдар осы жерде жаңа әліпбидің орфографиясы мен орфоэпиясы бойынша сабақтар өткізеді. Латын әрпімен оқытатын мұғалімдер осы жерде дайындалады. 

Болатхан Сарбасов, филология ғылымдарының докторы:

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін үйрету курстары бойынша оқу бағдарламаларын жасап, қазір университет көлемінде семинар-тренингтер өткізілуде. Биылғы оқу жылынан бастап, университетіміздің барлық студенттеріне латын әліпбиін оқыту жоспарланып отыр.