Алматыда латын графикасына көшуді жеделтеу үшін ұстаздар корпусын дайындау орталығы ашылды. Апробациялық кезеңде латынға көшу үшін 16 министрлік пен 3 жоғарғы оқу орны таңдап алынған болатын. Соның бірі - Қазақ қыздар педагогикалық университеті. Ғалымдар осы жерде жаңа әліпбидің орфографиясы мен орфоэпиясы бойынша сабақтар өткізеді. Латын әрпімен оқытатын мұғалімдер осы жерде дайындалады.
Болатхан Сарбасов, филология ғылымдарының докторы:
Қазақ
филологиясы және әлем тілдері факультеті латын графикасы негізінде қазақ
әліпбиін үйрету курстары бойынша оқу бағдарламаларын жасап, қазір университет
көлемінде семинар-тренингтер өткізілуде. Биылғы оқу жылынан бастап,
университетіміздің барлық студенттеріне латын әліпбиін оқыту жоспарланып отыр.