Русский Сайттың толық нұсқасы

«Кедентранссервис» АҚ вице-президенті қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2018
  • 3967

«Кедентранссервис» АҚ вице-президенті қамауға алынды. Ғалым Мұқанов пен компанияның мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру жөніндегі басқарма басшысы Дулат Уваев Астанада уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро оларды жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады. Мұны Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Еркебұлан Тындыбеков, Астана қалалық соты ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

Астана қаласы Есіл ауданының нөмірі 2 аудандық сотының 2018 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен Ғалым Қасқырбаевич Мұқановқа, Дулат Серикович Уваевқа қатысты күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы екі ай мерзімге, яғни 2018 жылғы 6 тамызға дейін санкцияланған.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері 32 адам ұсталғанын айтқан еді. Оның 15-сі мемлекеттік орган жетекшісі, ал бесеуі - республикалық деңгейдегі басшы. Олардың аты-жөндері сәрсенбіде белгілі болмақ.