Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақта бизнес жүргізгенде өз құқықтарын біле бермейді - сарапшы

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2018
  • 2389

Қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақта бизнес жүргізгенде өз құқықтарын біле бермейді. Еуразиялық экономикалық комиссия сарапшылары осылай деп отыр. Кәсіпкерлерге құқықтарын түсіндіру үшін комиссия мүшелері "Атамекен" палатасымен бірлесіп көшпелі отырыс өткізді. Бұл Қазақстандағы алғашқы қоғамдық қабылдау. Комиссия мүшелерінің айтуынша, кәсіпкерлер заң талаптарын бұзса да, жауапкершілік пен бәсекелестік қағидаттарын түсіне бермейді. Сондықатн арыз-талап көп,  дейді мамандар. Мәселен, 2017 жылы 12 арыз түссе, оның үштен бір бөлігі қазақстандық кәсіпкерлерден.

Нұрлан Шоқпарбаев, ЕЭК бәсекелестікті реттеу және монополияға қарсы комиссиясының алқа мүшесі:

Бүгінгі біздің қоғамдық қабылдаудың мақсаты - біздің заңды түсіндіру, қандай біз шаралар қолданамыз, соны түсіндіру. Бұл қоғамдық қабыладу кезінде біз кәсіпкерлерге ортақ нарық дейміз, Еуразиялық экономикалық одақтың нарығы туралы айтылады. Сол ортақ нарықтағы қандай ортақ қағидаттар, заңдар туралы нақтырақ айтып береміз.