Русский Сайттың толық нұсқасы

«Атамекен» колледждерде орта маман дайындау мерзімін қайта қарауды ұсынды

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2018
  • 3032

Колледждерде орта маман дайындау мерзімін қайта қарау керек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Қарағанды облысында өткен өңірлік кеңесте осындай ұсыныс айтты. Бизнесмен 2-3 жыл бойы балалардың уақытын алмай, 6-ақ айда жақсы маман дайындауға болады дейді.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы:

Қысқа мерзімде маман даярлау жүйесін дамытамыз. Көптеген мамандықтарды колледже 3 жыл бойы оқытудың қажеті шамалы екенін көріп жүрміз. Қысқа курстарда жақсы жас маман дайындасақ, ол да тезірек жұмысқа орналасып өзін- өзі асырай бастайды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғарғы оқу орындары дайындайтын мамандықтардың нарықта қаншалықты қажетті екенін сараптамақ. Бүгінде Қазақстан университеттері мамандықтың 2 мың түрін оқытады. Олардың қаншасы бизнестің сұранысын қанағаттандыратыны белгісіз. Тимур Құлыбаев Қазақстанда бизнестік ортаны жақсарту үшін жоғарғы оқу орындарында «кәсіпкерлік негіздері» пәнін тереңдетіп оқытылса деді. Тіпті, алдағы уақытта «Атамекен» студенттерге шағын несие беретін ұйым ашуды жоспарлап отыр.