Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жаңа сипаттағы 20 лагерь ашылады

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2018
  • 2611

Батыс Қазақстан облысында жаңа сипаттағы 20 лагерь ашылады. Балалар тынығумен қатар, тіл сындырып, сандық технология негіздерін үйренеді. Бұл бастама «Нұр Отан» партиясының «Үш тұғырлы тіл», «Балалар үшін тегін IT сынып» жобалары аясында жүзеге аспақ. Биылғы жазғы демалыста облыс бойынша осындай 20 лагерь ашу жоспарланған. Бұл шараға еріктілер тартылған. Бұған қоса өңірде 15 IT-орталық ашылады. Оның 12-сі облыс аудандарында, қалған үшеуі қалада болмақ. Осылайша, барлығы 9 мың оқушы робототехника мен 3Д модельдеу бағдарламасын игермек. 

Гүлназ Құлжанова, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары:

Бұрын балалар тек тынығып, келіп демалатын болса, биылдан бастап біз мынадай оқу сабақтарын қостық. Бұл балалардың үш тілді меңгеруі үшін өте жақсы болады, сосын болашақтағы оқу бағдарламасында өздеріне әсерін тигізеді. Бұл «Нұр Отан» партиясының балаларға деген қамқорлығы деп санаймыз.