Русский Сайттың толық нұсқасы

Сингапурде АҚШ пен КХДР саммиті өтті, тараптар қорытынды құжатқа қол қойды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2018
  • 3814

Дональд Трамп пен  Ким Чен Ын ақыры бір бірінің қолын қысты. Сингапурдегі саммитте АҚШ президенті мен Корей Халық Демократиялық Республикасы басшысы алғаш рет кездесті. Трамптың айтуынша, басқосу өте табысты өткен. Тараптар бірлескен құжаттарға қол қойды, оған сәйкес Ким Чен Ын  Корей түбегін денуклеаризациялау талаптарын сақтайтын болды. Ал АҚШ неге кепілдік берді? Санкция алына ма? Тілші материалы.

Бір жыл бұрын осындай кездесу өтеді десе ешкім сенбес еді. Бірақ өтті. Сингапурдегі Капелла қонақүйінде әлемге танымал екі көшбасшы бір бірінің қолын алып, келісім үстеліне отырды. Бұл тарихи сәтке алдымен 2,5 мыңнан астам журналист куә болды. Олардың назарынан  Трамптың күлкісі де,  Ким Чен Ынныңі ешбір эмоция белгісі жоқ бет жүзі де тыс қалмады. Осыдан соң екі саясаткер келісім бөлмесіне өтті. Онда тек аудармашылар ғана болды.

ТрампМен қарым-қатынасымыздың керемет боларына сенімдімін. Ким Чен Ын: Біз бұл кездесуге келмес бұрын көптеген қиындықтарды жеңдік.

1 сағатқа жуықа уақытқа созылған келіссөздерден соң кездесу кең құрамға ауысты. Соңыра Трамп бұл жиынды өте табысты басқосу ретінде атап өтті. АҚШ Президенті тіпті, Ким Чен Ынды Ақ үйге шақыруға уәде етті. Көшбасшылар КХДР ядролық бағдарламалары туралы өзара пікір алмасып жатқанда түрлі болжам айтылды

Мун Чже Ин, Оңтүстік Корея президенті:

Кездесудің аса сәтті өтерінен үміттенемін. Және бұл денуклеаризация кезеңінің басы болады деген сенімдемін. Қос Корея мен құрама штаттар арасында берік байланыс орнататын уақыт жетті.

Синдзо Абэ,  Жапония премьер-министрі:

Бұл кездесу солтүстік корей елінің  ядролық проблемаларын шешеді деген ойдамын.

Алайда, саясаткерлердің алаңдаушылығы бекер екен. Тараптар қорытынды құжатқа қол қойды. Оған сәйкес Ким Чен Ын толық нуклеаризациядан тыс жағдайда жұмыс істеуге уәде етті. АҚШ КХДР билігінің қауіпсіздігіне кепіл болатын болды.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Біз өте маңызды құжатқа қол қойдық. Менің ойымша, Солтүстік Корея мен Корей түбегі не байланысты ахуал енді тіпті өзгеше арнаға тбет бұрады. Мен төраға  Ким мырзағы алғыс айтамын.

Ким Чен  Ын, КХДР президенті:

Бұл тарихи кездесу,  біз өткенді артта қалдыруға бел будық. Жақсы өзгерістер орын алады және бұған бүкіл әлем куә болмақ, президент Трампқа алғысым шексіз.

Алайда, Солтүстік Кореяның ядролық қаруды қалай жоятыны туралы қорытынды құжатта айтылмаған. Ал Трамп Пхеньянға қатысты санкциялар әзірге сақталатынын айтты.