Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жаңа туған сәбидің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2018
  • 3318

Шымкентте жаңа туған нәрестесін тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр. Жаға ұстатар жағдай бүгін Абай ауданына қарасты шағын аудандардың бірінде тіркелді. Сәбидің денесін таңға жуық жергілікті тұрғын тауып алған. Шақалақ жеке үйлердің бірінің маңында ақ дәкеге оралған күйі қалдырылыпты. Тұрғындар бірден полицияға хабар берген. Куәгерлер нәресте шала туылған болуы мүмкін деп отыр. Өйткені шақалақтың кейбір мүшелері әлі жетілмегенін байқағандарын айтты. Сол маңдағы белгілерге қарағанда баланы анасы туа сала қалдырған. Оның өлі не тірі туылғаны әзірге белгісіз. 

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Қазіргі таңда Абай полиция бөлімінің тергеушілерімен сараптамалар тағайындалған. Сараптаманың қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.