Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сандық қызмет көрсету бойынша білімдерін жетілдіріп келеді

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2018
  • 4423

1 маусымда басталған «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында 8 миллион қазақстандықтың компьютерлік білімін жетілдіру көзделген. Бағдарламаның шарапатын алғашқы болып Астана қаласы әкімдігіне қарасты "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы көрді.

Шамамен екі аптаға созылған білім беруден соң мекеменің 105 қызметкері сертификат алып шықты. Енді олар электронды үкімет қызметінен қажет болатын ақпараттарды үйден шықпай-ақ ала алады. Туа біткен сал ауруымен ауыратын балалармен жұмыс істейтін мамандар осыған дейін әр анықтама алу үшін жұмыстан сұранып, кезекте тұру қажет болған дейді. Осылайша бағдарлама уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді деп отыр.

Оқып жүргеніме бір аптадай болды. Көп нәрсе үйрендім, өте пайдалы бағдарлама. Бұрын біз ХҚКО көптеген кезекте тұрып, бір қызмет алсақ, қазір ЭЦҚ арқылы көптеген бағыт бойынша қызметтер алуға болады.

Жалпы "Сандық Қазақстан" бағдарламасының оқу барысы негізінен төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысы "Базалық цифрлық дағды", мұнда жалпы дербес компьютерді сенімді пайдалану оқытылады, кейін "Электронды үкімет және электронды қызметкер" бұл бағытта тыңдаушының электронды қызметті қалай ала алатыны баяндалады. Үшіншісі "Ашық үкімет" бұл кезеңде ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалогтар туралы оқытылады. Соңғысы "Электронды сауда", мұнда электрондық сауда дағдысы қамтылып, сату және сатып алу қызметтерін ілгерлету дағдылары оқытылады. 

Нарқыз Есентаева, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының маманы:

Екі аптадай болды оқытып жатқанымызға, мақсаты - халықтың сауаттылығын арттыру. Яғни қай жағынан, ашық үкімет, электронды үкімет, қазіргі интернет желісі арқылы дербес компьютердІ қолдану арқылы үйден шықпастан, онлайн түрде өтініш беріп, өзіне керекті мәліметті алу және сайттарға енгізіп, материалдарды жүктеу сияқты барлығын үйретіп жатырмыз. Ол халыққа да, өзімізге де ыңғайлы.