Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас прокуратура менингококк инфекциясына байланысты 5 қылмыстық іс қозғады

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2018
  • 2706

Бас прокуратура менингококк инфекциясына қатысты 5 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлімдеді. Екі іс Астана мен Алматы облысындағы екі адамның өліміне қатысты. Тағы екі іс Алматы облысы мен Атыраудағы дәрігерлер жұмысының салғырттығына қатысты қозғалған. Бір іс санитарлық-гигиеналық тәртіптің бұзылуы бойынша тексеріліп жатыр.

Ал ауру ошағы аталған Алматыда 8 күннен бері бір де бір жағдай тіркелмеген. Мұны қалалық денсаулық сақтау департаментінің өкілі айтты. Айта кетейік, биыл Алматыда менингококк инфекциясын жұқтырған 6 адам көз жұмды. 

Анель Мұсаева, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

6 адам жатыр. Оның ішінде бесеуі үлкен қалалық жұқпалы ауруханасында, біреуі балалар емханасында. Бүгінгі таңда түгел эпидемиологиялық шаралар жүргізілді. Қастарында болған адамдар ішінен барлық нәтижелер алынды. Бүгінгі таңда 3168 адам тексерілген. Оның ішінде 3055 адамда нәтижелері теріс. 18 адам тасымалдаушы болып табылған.