Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңгенің құлдырауы «бренд» маркалы мұнай бағасының өзгеруіне байланысты - Қазақстан қор биржасы

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2018
  • 3196

Теңгенің күрт құлдырауы «бренд» маркалы мұнай бағасының өзгеруіне тікелей байланысты. Бұл туралы «Қазақстан қор биржасы» басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк айтты. Соңғы күндері қара алтынның құны барреліне 76 АҚШ долларынан 73-ке түскен. Бұл көк қағаздың нығаюуына себеп болды. Бүгін сауда алаңындағы көрсеткішке көз салсақ, қор биржасындағы орташа баға 338 теңгені құрады. Андрей Цалюк сондай-ақ, АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің ұлғаюы мен маусымдық демалыста теңгені шетел валютасына ауыстыру да басты себеп дейді.

Андрей Цалюк,  «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Күнделікті сатып алу көрсеткіші көк қағазды қайта сатудан әлдеқайда жоғары. Осы әрекеттер нәтижесінде АҚШ долларының өсуі байқалады. Оның үстіне шетелдік инвесторлар үшін теңгенің ролі маңызды емес.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде теңгенің құлдырауы жайлы ел арасында ақпарат тараған. Бірақ Ұлттық банк бұл деректің жалған екенін айтты.«Тіпті ондай қауіп жоқ, тек маусымға байланысты сәл тұрақсыздық танытып отыр» дейді. Ал шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан авторларға қандай да бір жаза қолдану үшін олар құқық қорғау органдарына арызданбақшы.