Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ президенті Дональд Трамп қытай тауарларына $ 200 млрд баж салығын енгізетінін мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2018
  • 3446

АҚШ Қытайдан жеткізілген 200 млрд долларлық тауарларға баж салығын енгізбек. Президент Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Reuters-тің хабарлауынша, Америка тауарларына 50 млрд $ салық саламыз деген Бейжіңнің әрекетіне Ақ үй осылай жауап қатқан сыңайлы. Қытайдың сауда министрлігі: "Егер АҚШ бұндай қадамға барса, біз кешенді шаралар қабылдауға мәжбүр боламыз", - деп мәлімдеді.

Аспан асты елі мен Құрама Штаттар арасындағы сауда соғысы наурызда басталған. Ол кезде Ақ үй бірқатар Қытай тауарына  салықты өсірген. Екі алпауыт мемлекеттің текетіресі содан бері тоқтаған емес. Еске салайық, 6 шілдеден бастап Қытай өнімдеріне 25 пайыз көлемінде қосымша баж салығы енгізіледі. АҚШ президентінің бұған қатысты өз уәжі бар. Трамп "Қытай сауда-саттықты әділ жолмен жүргізбей келеді, Американың технологиясын ұрлап пайдаланып жатыр" дейді.