Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа мектеп бағдарламасы: үміт пен күдік

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2018
  • 4419

Жаңа мектеп бағдарламасы: үміт пен күдік. Білім саласындағы өзекті мәселелер «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» кеңесінің жиынында талқыланды. Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жұмыстар «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының 76-қадамында атап көрсетілген. Елімізде білім беру мен ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға  арналған бағадарламасын іске асыру көзделіп отыр. Ол үшін қолданыстағы Білім стандартына, оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізілген. Жаңа оқулықтар мен кадрлар дайындау жайы да өзекті. «Мирас» республикалық кеңесі қатысушыларының айтуынша,  білім саласындағы жаңа реформаны елдегі мұғалімдер қолдап отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасыда қолданыстағы құжаттардың мазмұны сақталған. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сәйкес білім беру мақсаттары қосылған.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мақсатымыз - білім саласындағы реформалар қандай деңгейде жүзеге асып жатқанын анықтауымыз керек. Жаңа реформаға қарсы емеспіз. Керек болса қолдауға дайынбыз. Ең басты тілегім - бұл білім сапасын арттырып мұғалімдеріміз бәсекеге қабілетілікке жете ме? Жетпей ме? Жетісетін жағдай бола ма деген ойымыз бар.