Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру ұсынылды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2018
  • 3146

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтар көбінесе ішкі істер, қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау минстрліктерінде байқалған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында айтылды. 

Агенттіктің дерегінше, «құпия сатып алушы» әдісі мемлекеттік қызметшілердің негізгі қателіктері қатарында. Яғни халыққа дұрыс кеңес бермеу, қажетсіз құжаттар талап ету, тағысын тағылар. Мемлекеттік бақылаудың қорытындысы бойынша қызметтерді цифрлық форматқа көшіру ұсынылды. Бұл еңбек кітапшасы, диплом,  әскери билеттерден басқа, мұрағаттық құжаттарға да қатысты.

Ильдар Үйсімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі департаментінің директоры:

Бұған қоса, биылғы тексерулер барысында 5 айға дейін мемлекеттік қызмет көрсету саласында 58 мыңға жуық бұзушылық тіркелді. Ұсыныстар мен тәртіптік жауапкершілік енгізілді. Сонымен қатар, Агенттіктің хаттамалары негізінде шамамен 17 млн теңгеге 156 мемлекеттік қызметкерге айыппұл салынды. Әкімшілік жауапкершілікке көбіне ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері тартылған.