Русский Сайттың толық нұсқасы

Трамп заңсыз мигранттарды отбасынан айыруға тыйым салды

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2018
  • 2834

АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен мигранттарды отбасынан айырмау керек. Дональд Трамп оларды ажыратуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Трамп балаларды ата-аналарынан ажыратуды жақсы көрмейтінін айтып, бұған ешқашан жол бермейтінін айтқан. Жарлыққа, президенттің әйелі Мелани "заңды бұзған ата-аналары үшін балалар уақытша ұстау абақтысына қамалмауы тиіс" деген мәлімдемесінен соң, қол қойылып отыр.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Маңызды жарлыққа қол қойдық. Бізде шекара өте мықты болады, бірақ біз отбасыларды айырмаймыз. Дегенмен біз бұған "төзе алмайтын" саясатты ұстанамыз. Біздің елге заңсыз кіретін адамдарға шыдамдылық  аныта алмаймыз.

Трамп әкімшілігі Американы босқындардан тазарту саясатын ұстанып келеді. Осылайша, соңғы екі айда арнайы орталыққа шамамен 2300 бала жөнелтілген. Ал олардың ата-аналары шекараны заңсыз кескені үшін қамалған. Балалар босқындарды бөлу арнайы орталығында туғандарын күтіп отыр. Олар ата-аналарын жарты жылдай көрмеуі мүмкін. Егер туған-туыстары табылмаса, жетімдер үйіне жөнелтілуі ықтимал.