Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан БҰҰ миссиясына қатысушы бітімгерлік күштерді қарашаға дейін аттандыруды жоспарлап отыр

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2018
  • 2508

Қазақстан БҰҰ миссиясына қатысушы бітімгерлік күштерді қарашаға дейін аттандыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров хабарлады. Офицерлер Үндістан қарулы күштері сапында, Ливан жерінде қызмет атқарады. Тиісті меморандум жасалған соң, аса тәжірибелі 120 сарбаздан тұратын арнайы рота Ливанға аттанады. Арасында екі әйел бар, деді вице-министр. Әскерилер ол жақтағы қызметі үшін 3 жалақы көлемінде айлық алып отырады. Мұнан бөлек, БҰҰ бюджетінен ай сайын 1 410 доллар тағы төленеді. Еңбек демалысына орай берілетін қаражат та осы тәртіппен қаралған. Жалпы алғанда әскери операцияға жылына 340 млн теңге жұмсалады, -  дейді Талғат Мұхтаров.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

БҰҰ тәртібіне сайкес бітімгершілік операцияларына қатысушы құрамдар 6 ай сайын ауысып тұрады. Сондықтан біздегі жоспар бойынша әр 6 ай сайын роталардың жауынгерлерін ауыстырып тұратын боламыз.