Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлеріне арнап ескерткіш ашылды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2018
  • 3864

Шымкенткентте көші-қон саласы бойынша қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұған дейін бес күн уақыт алатын іс енді 1 күнде бітеді. Мақсат - азаматтардың уақытын үнемдеу. Орталықта уақытша тіркеуге келген шетелдіктерді есепке алу, еңбек мигранттарына рұқсат рәсімдеу жүргізіледі.

Шымкентте сондай-ақ қызмет бабында қаза болған полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылды. Тас тұғыр Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай ашылып отыр. Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару кезінде өмірден өткен сақшылардың 23-і - Түркістан облысының азаматтары. Ел тыныштығы жолында жанын құрбан еткен ержүрек батырлар ешқашан ел жадынан шықпайды.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ІІД ресми өкілі:

Арнайы қосымша плита ашылады солардың аттарымен. Өйткені әрбір қаза болған полиция қызметкерінің артында қалған жұбайлары бар, бала-шағасы бар. Солардың да алдында біздің осы жасап жатқан іс-шара парызымыз.