Шымкенткентте
көші-қон саласы бойынша қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұған дейін бес күн
уақыт алатын іс енді 1 күнде бітеді. Мақсат - азаматтардың уақытын үнемдеу.
Орталықта уақытша тіркеуге келген шетелдіктерді есепке алу, еңбек мигранттарына
рұқсат рәсімдеу жүргізіледі.
Шымкентте сондай-ақ қызмет бабында қаза болған
полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылды. Тас тұғыр Қазақстан полициясының
26 жылдығына орай ашылып отыр. Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару
кезінде өмірден өткен сақшылардың 23-і - Түркістан облысының азаматтары. Ел
тыныштығы жолында жанын құрбан еткен ержүрек батырлар ешқашан ел жадынан
шықпайды.
Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ІІД ресми өкілі:
Арнайы қосымша плита ашылады солардың аттарымен. Өйткені әрбір қаза болған полиция қызметкерінің артында қалған жұбайлары бар, бала-шағасы бар. Солардың да алдында біздің осы жасап жатқан іс-шара парызымыз.