Биыл жеңілдетілген несие арқылы 13 мың отандық көлік сатылымға шығады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің комитет басшысы Алмас Батанов мәлімдеді. Айтуынша, былтыр отандық автокөлік құрастыру 40 пайызға өскен. Барлығы 19 500 жеңіл көлік саудаға шығырылды. Өндірістің артуына ішкі сұраныс пен экспорттық бағыттардың ашылуы себеп болған. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие де тұтынушының қызығушылығын арттырса керек. Былтыр елде сатылған әр үшінші көлік отандық. Ал 1500-і экспортталған.
Алмас Батанов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы:
2018
жылдың басында 10 млрд теңге бөлінді. Алдыңғы жылдарда берілген болатын.
Барлығы автонесиеге 40 млрд теңге бар. Шамалап алғанда, 12-13 мың автокөлік
алуға жететін ақша. Моделіне байланысты.