Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Корея қазақстандық мұнайды сатып алуды 4 есеге арттырды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2018
  • 3492

Бұған дейін Иран мұнайын алып келген Оңтүстік Корея қазақстандық "қара алтынды" сатып алуды арттырды. Сеул бұл қадамға АҚШ-тың Иранға салған санкциясынан кейін барып отыр. Ол қарашада енгізіледі. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Оңтүстік Кореяға жарты жылда Blend сұрыпты мұнайдың 4 миллион тоннасы сатылған. Бір жыл бұрын небәрі 1 миллион тонна алған. Сеул қазақстандық мұнай тасымалын одан әрі жалғастырмақ. Өйткені Blend сұрыпты мұнай ирандық шикізаттан кем түспейтін көрінеді. Бағасы да бәсекеге сай болса керек.

Ал АҚШ Иранға шектеуді үдетпек. Бұл жолы Ақ үй мұнайдан түсетін табысын санкция арқылы қайта есептейтінін мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік департаментіндегілер "шектеу Иранның энергетикалық саласын, мұнай келісімдері мен елдің орталық банкіндегі транзакцияларды қамтиды" деп отыр. Бұған дейін Дональд Трамп ядролық келісімнен біржақты шыққанын мәлімдеді. Енді ол Иран компанияларымен әріптестікті үзбеген еуропалық бизнеске де санкция жариялайтынын ескертті.

Брайан Хук, АҚШ мемлекеттік департаменті саяси жоспарлау бөлімінің директоры:

Энергетикалық санкцияның мақсаты - Иран режиміне қысым жасау, мүмкіндігінше, мұнайдан түсетін табысты нөлге дейін қысқарту. Шектеу шаралары Иранның автомобиль құрылысы мен алтын мен өзге де негізгі металлдар саудасына әсер етеді.