«Ұлы
дала ойындары» республикалық
фестивалінің жеңімпаздары автокөлік мінеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен
баспасөз жиынында ҚР Ұлттық спорт
түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Ерлен Оспанов мәлімдеді.
Айтуынша, 28 мамыр күні мегаполисте тұңғыш ұлттық спорт ойындарынан
республикалық жарыс өткізілмек.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен
қаланың мыңжылдық мерейтойына
орайластырылған шараға 150 спортшы қатысады. Дүбірлі додада халқымыздың байырғы ұлттық ойындарының 8 түрі
насихатталады. 25 шақырымдық аламан бәйге, көкпар сайысы, аударыспақ ойындары
бойынша жүлдегерлер су жаңа көлік мініп, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату шеберлері қаржылай олжаға
кенеледі. Сондай-ақ құсбегілердің де құс
баптаудағы шеберліктері көрсетіледі.
Ерлен
Оспанов, ҚР Ұлттық спорт түрлері
қауымдастығының бірінші вице-президенті:
Біздің
Елбасымыз айтқан: «Қазақстан - Ұлы дала мекені». Сол Қазақстан мекенінің, ұлы
дала мекенінің ойындарын паш ету. Мына қала халқына, мына қала тұрғындарына
біздің спортымызды, ұлттық өнерімізді, былайша айтқанда, жаңаша форматта
көрсету деп ниеттеніп отырмыз.
Айгүл ЕРМАХАН