Русский Сайттың толық нұсқасы

Салыққа қарызы бар азаматтарға банктерде енді есепшот ашылмайды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2018
  • 3488

Алматыда 135 мыңдай жеке тұлға салыққа қарыз. Олар, берешегін өтемейінше, екінші деңгейлі банктерден есепшот аша алмайды. Бұл туралы қалалық кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді. Мұндай өзгеріс Салық кодексіне енгізілген жаңашылдықтың аясында қабылданған. Ал аталмыш жүйе 1 шілдеден іске қосылды. Әріптесім Олжас Нұржақып салық жүйесіндегі өзгерістер жайлы толығырақ  баяндайды.

Қала тұрғыны үш жылдан бері көлік салығын төлемепті. Жиналған қарызы 100 мың тенгеге жеткен. Банкке несие рәсімдеймін деп барғанымда, салыққа берешегім аяғыма тұсау болды - дейді.

Самат:

Аяқ астынан қаражат керек болғандықтан, банкке барып несие алуға барғам. Несие алайын десем, банктегілер маған отказ берді де. Сөйтіп себебін сұрап едім 1-шілдеден бастап заң шығыпты. Кімде кім көлік салығын төлемесе, несие шоты ашылмайды екен. Сондықтан осы салық басқармасына келіп амалсыздан біріншіден көлік салығын төлеуге келіп тұрмын.

Ал қалалық кірістер департаментінің өкілдері бүгінде 135 мың жеке тұлғаның салыққа берешегі бар екенін айтты. Олардың басым бөлігі көлік салығы. Мамандар, одан бөлек мерзімі өткен салық берешегінің әр күніне өсімпұл жүретінін әр азамат ойлағаны абзал, дейді.

Мадина Әубәкірова, Алматы қаласы Медеу аудандық кірістер департаментінің бөлім басшысы:

Бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша 135 мың жеке тұлға 5,7 млрд теңге берешек. Бұл сомманың негізгі бөлігі ол көлік салығына тиесілі болады. Ал қалғаны жылжымайтын мүлікке тиесілі. Мерзімі өткен салық төлемдері бойынша әр күнге тиісті мөлшерде өсімақы қосылып отырады. Сол себепті барлық салық төлеушілерді  осы салық мерзімін қысқа мерзімде төлеулеріңізді сұраймыз.

Кірістер департаменті мамандары, екінші деңгейлі банктермен бірлескен шараларды қолға алған. Мақсат, салыққа берешегі бар азаматтарды анықтау. Сондай-ақ, Ұлттық банктегілер жүйеге онлаин қосылу мүмкіндігін барынша тәжірибеден өткізіп жатқандарын айтты

Алина Иманғазина, ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелері саясаты бөлімінің басшысы:

Салық кодексінің 24 бабына сай 1 шілдеден бастап жаңа өзгеріс енгізілген. Яғни бұл тек 1 шілдеден кейін депозиттік шот, несие немесе еңбекақы карточкаларын ашқыңыз келсе кез-келген банк қабылдамайды деген сөз. Әрине, берешегіңіз болса. Бірақ бұл жүйе бұрын ашылған есепшоттарыңызға кері әсер етпейді. Сол қалыпта жұмыс істей береді.

Сонымен жаңа жүйеге сай банктер салыққа қарызы бар азаматтарға есеп-шот ашуға, ақша аударымдарын жасауға, несие алуына жол бермеуі керек.

Олжас Нұржақып, тілші:

Сондай-ақ, жаңа талапқа сай, мұндай жеке тұлғаларға екінші деңгейлі банктер есепшот ашатын болса, қаржы ұйымына айыппұл салынатынын да көрсетілген. Яғни Әкімшілік кодекстің 285 бабы 1 тармағына сай, ашылған есепшоттағы жалпы сомманың 5 пайызын төлеуге міндеттеледі

Олжас НҰРЖАҚЫП