Премьер-министр Президенттің бес бастамасына немқұрайлы қараған 6 облыс басшысына ескерту жасады. Студенттерге жатақхана салу бойынша бірде- бір шаршы метр тапсырмаған өңірлерді өзі атап көрсетті. Бүгін Үкіметте жарты жылдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы тыңдалған болатын.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
8 өңірде ғана жатақхана беруге қол жеткізілген. Олар: Ақмола, Алматы, Атырау, БҚО, Қарағанды, ШҚО, Астана мен Алматы қалалары. Басқа өңірлерде бірде-бір жатақхана, бірде-бір шаршы метр пайдалануға берілмеген. Осыны ескеріңіздер.
Еске
салайық, Президент 5 әлеуметтік бастамасында 2022 жылдың соңына дейін
студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырған. Үй
құрылысына келетін болсақ, көпқабатты үйлерді пайдалуға беру Алматы облысында -
20, Атырау облысында - 45, Жамбыл облысында - 35, Түркістан облысында - 30,
Алматы қаласында 56 пайызды құрайды. Қызылорда облысында бірде-бір үй жоқ.
"Жарты жыл өтті, сол 20-30 пайыздың соңында жүрміз",-деді премьер. Биыл ЖІӨ өсімі 4,1 пайызды құраған. Бірақ
Сағынтаев қаңтар айында 5,4 болған өсім маусымда 5,2 пайызға түскенін айтты.
Бұлай жалғаса берсе, жылдық 4 пайыз межені орындай алмай қалуымыз мүмкін деген
қауіпін жасырмады.