Русский Сайттың толық нұсқасы

М.Әшімбаев А. Ақанаевтың сурет көрмесін тамашалады

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2018
  • 5804

Астанада белгілі суретші Амандос Ақанаевтың сурет көрмесі ашылды. Көрме «Нұр Отан» партиясының қолдауымен суретшінің 70 жылдық мерейтойы, шығармашылығының 50 жылдығына және  Астананың 20 жылдық торқалы тойына орай ұйымдастырылып отыр. Көрмеге әртүрлі техникамен жасалған кенеп, коллаж, рельефтік кескіндеме, графика сияқты 70-тен астам туынды қойылған. "Менің замандастарым" атты жанрлық портреттер топтамасында 20-дан астам танымал тұлға бейнеленген. Бүгінде Амандос Ақанаевтың балалары мен немерелері де - шетелге көрмелерге шығатын танымал суретшілер.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Мемлекет басшысы алдымызға әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөнінде нақты міндет қойып отыр. Бұл жерде тек экономика ғана емес, рухани және мәдени саланың да қарқынды дамуына аса мән беріледі. Осы тұрғыдан келгенде, Амандос Әтібекұлының еңбектері халқымыздың ұлттық кодын сақтап, оны өскелең ұрпаққа насихаттауға және дамыған елдермен терезесі тең дәрежеде тұруға мол мүмкіндік береді деп есептеймін.