Русский Сайттың толық нұсқасы

"Гранд Астана" ТК тұрғындары мектеп ауласына өткен жерді қайтаруды талап етіп отыр

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2018
  • 3104

Астанада жер дауы. "Гранд Астана" Тұрғын үй кешенінің 600-ге жуық тұрғыны мектеп ауласына еніп кеткен жерді босатуды талап етіп отыр. Олар көлік өтетін жолдан қағылдық деп қам жеп отыр. Телім кімге тиесілі? Тілшіміз Сабина Мәдиқызы анықтауға тырысты. 

Сабина Мәдиқызы, тілші:

Дау тудырған мына жер. Осы 1,5-2 метрлік жер мектептің аумағына еніп кеткен. Осылай деген тұрғындар бұл телім бізге тиесілі деп отыр. Олар бұған дейін екі көлік емін-еркін өте алатын жол тарылып қалады деп алаңдайды.

Ал жаңа мектептің ауласы темірмен қоршалып жатыр. Жұмысшылар берілген тапсырманы орындап жатқандарын айтады. 3 қабатты білім ошағы жаңа оқу жылына дейін тапсырылуы тиіс. Тұрғындар бұл қуанышымыз ұзаққа созылмады деп отыр. 

Тиыштық Қазкенова, Астана қаласының тұрғыны:

Мына жақтың жолын қысқартты. Ертең мектепке балаларды әкеледі. Мына жақтан Хайвилл балаларын әкеледі, мына жақтан «Городской Романс» әкеледі. Барлығы машинамен келеді. Машина қоятын жер жоқ. Машина өтетін жер жоқ. Өзі жергілікті халықтың мынау өздерінің паркингке өте алатын жағдайы жоқ.

Зумрат Әдимолдаева, Астана қаласының тұрғыны:

Пробкадан пробка болады. Өте алмай өледі ғой адамдар.

Разве так можно решать такие вопросы? надо же думать все-таки. Аварийную ситуацию создают для людей. 

Тіпті бұл жерден жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері үй ауласына кіре алмайды деп уайымдайды. Сондықтан тұрғын үйдің 600-ге жуық тұрғыны мектеп аумағына өткен жерді қайтаруды талап етіп отыр. Олар осы мәселені шешіп берсін деп пәтер иелері кооперативі әкімдікке хат жазған. Алайда одан әлі еш нәтиже жоқ деп отыр.

Нұрлан Оразбек, "Үміт-2008" ЖШС директоры:

Бізден келіп, ешкім рұқсат сұраған жоқ, мына жерде бола ма, болмай ма деп. Келді де салды. Болды. -Біз хат жаздық. акиматты да шақыртқанбыз городской. Гордтың бәрі келді. Проектілердің бәрін қараған. Тексерген. Айтты. Осылай бұлардың жерлері деп. Болды сонымен қалды. Мектептің жері.  Письмо жазып жатырмыз ғой замакимге. чтобы мынаны жылжытып бер деп былай қарай.

Бұл мәселе бойынша шенеуніктерді іздеп, Алматы аудандық әкімдігіне барып едік. Алайда олар бұған біздің қатысымыз жоқ деп ат тонын аша қашты. Сонымен жер кімге тиесілі? Қала әкімдік өкілдеріне сауал жолдағанбыз. Әзірге жауап жоқ. Ал тұрғындар мәселеміз шешілмесе, Президентке хат жазамыз деп бекініп отыр.

Сабина МӘДИҚЫЗЫ