Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық құрылыс компаниялары баспана тұрғызуға отандық құрылыс материалдарын қолданады

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2018
  • 2349

Астаналық құрылыс компаниялары баспана тұрғызуға отандық құрылыс материалдарын қолданады. Елордадан 40 шақырымда орналасқан "Жаңа сервис" зауытының мамандары осылай деп отыр. Бүгін мәжіліс депутаттары осы комапния жұмысымен танысты. Құрылыс нарығына кіргеніне 5 жыл болған зауыт газоблоктар жасайды. Жобалық қуаттылығы 60 мың текше метр. Зауыт басшылары құрылыс материалына жыл сайын сұраныс артып отырғанын айтады. Компанияның 75 жұмысшысы бар. Жалақылары 110 мың теңгені құрайды. Аудандардағы кәсіпорындарды аралаған депутаттар жер-жерде президенттің "Қолжетімді баспана" бағдарламасы қарқынды жұмыс істеп жатқанын айтты.

Татьяна Яковлева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Осындай материалдарды құрылыста қолдану арқылы аз ғана уақыттың ішінде  баспана тұрғызуға мүмкіндік береді.  Біз жұмыс сапарымен Аршалы, Шортанды және бүгін Целиноград ауданына келіп тұрмыз.  Осылардың барлығында біз президенттің "Қолжетімді баспана" бағдарламасы қарқынды жұмыс істеп жатқанын байқадық. 

Ал, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддердегі «Казцинкмаш» жұмысшыларын отандық Жоғарғы оқу орындарында грантқа оқыту мәселесі толғандырады. "Нұр Отан" фракциясының мүшелерін биыл 20 мың грант қосылғанын жеткізді. Ол Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының бірі болатын. Әсіресе техникалық мамандар даярлауға басымдық беріліп отыр. Қазір Қазақстандағы әрбір үшінші студент тегін білім ала алады.

Қанат Мусин,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Әрбір ауданда, әрбір кентте халықтың өзінің бір мәселелері бар. Ол - су, жылу, электр қуатымен қамтамасыз ету, бағаның өсуі, кәдімгі күнделікті сұрақтар. Бірақ та одан басқа да, мысалы, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша көп сұрақтар болып отыр.