Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде жаңа көлік сатылымы 35,7 пайызға артты

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2018
  • 2507

Елде жаңа көлік сатылымы 35,7 пайызға артты. Жарты жылда 27 мыңнан астам су жаңа көлік сатылған. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, былтыр осы кезде 20 мыңдай көлік саудаланған. Тұтынушылар автомобиль, жүк көлігі мен автобустар сатып алу үшін 232 миллиард теңге жұмсаған.

Маусым айында Тойота маркалы көліктер жоғары сұранысқа ие болған. Бір айда бір жарым мыңдай көлік сатылыпты. Ал жарты жылдағы қазақстандық нарықтағы табысы 76,2 миллиард теңгені құраған. Lada темір тұлпары екінші орында. 18,7 млрд теңге пайда тапқан. Hyundai үштіктің қатарында. Айналым қаражаты 24,7 млрд теңге.