Русский Сайттың толық нұсқасы

Пригородный кентінде кілем жумақшы болған келіншек екі қызымен суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2018
  • 2037

Астана іргесіндегі ауылда тағы 3 адам суға кетті. Пригородный кентінде кілем жумақшы болған келіншек екі баласымен бірге өзенге батып кетті. Қайғылы оқиға түстен кейін Нұра-Есіл бойында болған. 43 жастағы келіншек 10 және 11 жастағы қыздарымен кілем жууға барған. Марқұмның абайсызда аяғы тайып, үшеуі бірге өзенге құлап кеткен. Жағадағы жұрт оларды сыртқа лезде алып шыққан. Алайда өмірлерін сақтап қалу мүмкін болмапты. Соңғы бір айда тап осы жерде 7 адам ажал құшты. 25 маусымда  9 бен 12 жас аралығында 4 бала да рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, артынан батып кеткен. Құтқарушылар ескерту белгілеріне қарамастан, тұрғындар кез келген жерде шомыла береді деп отыр. Елде судан қаза тапқандар саны 184-ке жетті. Олардың 64-і бала.

Аяғөз Фазылова, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Суға түсу кезеңі басталасымен Астана қаласының су айдынында  12 адам биыл міне судан қаза тауып отыр. Оның 7-і балалар. Былтырғы жылмен салыстырғанда былтыр 12 адам қаза тапқан. Оның 1-і бала болатын. Барлық қайтыс болғандар суға кеткендер жалпы айтатын болсақ, суға шомылуға рұқсат етлімеген жерде түскен азаматтар болып отыр.