Түркістан
түркі әлемінің негізгі орталығына айналуы тиіс. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия облыстық филиалының конференциясында
осылай деді.
Партия жиыны қапияда қаза тапқан даңқты спортшы, Олимпиада
жүлдегері Денис Тенді еске алумен басталды. Денис Тен осыдан бірнеше жыл бұрын
еліміздегі бас партияның қатарына қосылып, «Нұр Отанның» мүшесі атанған
болатын. Бір минут үнсіздіктен кейін конференция делегаттары күн тәртібіндегі
мәселелерді қарады. Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Түркістанның облыс орталығы
болуын тарихи оқиғаға балап, шаһардың тұтас түркі әлемі үшін маңызы зор екенін
айтты. Сондай-ақ жиын барысында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев делегаттардың
бірауыздан мақұлдауымен партия облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.
Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары:
Түркістан Елбасымыздың
шешімінің арқасында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Мемлекет басшысының
Түркістан облысын құрып, оның орталығы ретінде Түркістан қаласын бекітуі
тарихымызға алтын әріппен жазылатын елеулі оқиға екені сөзсіз. Бұл тарихи
шешімді ата-бабаларымыз бастап кеткен істің лайықты жалғасы және қаланың
өсіп-өркендеуіне оң әсерін тигізетін игілікті іс деп қарастыруға әбден болады.