Русский Сайттың толық нұсқасы

Үздік әлеуметтік жобалар байқауы жалғасуда

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2018
  • 3269

"Мың бұралған" әжелер. Елордалық "Ардагерлер" бірлестігі еліміздің үздік әлеуметтік жобасын жеңіп алуға үмітті. Астаналық зейнеткерлер таңмен таласа оянып, осы орталыққа жиналады. Жастары алпыстан асқан, сексенге жеткендері де бар. Қимылдары ширақ. Салауатты өмір салтын ұстанатын қарттар қауымдастығы әлеуметтік жобалар байқауында бақ сынауда. Ардагерлер жеңімпаз атанып, өздерінің тәжірибелерін республика бойынша бөлісуді көздейді. Айта кетсек, «Нұр Отан» партиясының бастауымен өтіп жатқан байқаудың аймақтық және қалалық қорытындылары шілде айының соңында белгілі болады.

Бақытжан Айдарханова, Астана қаласының тұрғыны:

Менің жасым 74-те. Мен бұл орталыққа қаңтар айынан бастап келіп жүрмін. Маған бұл жер қатты ұнайды. Біріншіден, мен би, екіншіден, аэробика, йога үйірмелеріне барамын. Бұл жерге келгеннен бері өзімді жақсы сезінем. Сондай-ақ  біз бос уақытымызда кафелерге барып, уақытымызды қызықты етіп өткіземіз.

Баян Ахметжанова, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің президенті:

«Ардагер» қоғамдық бірлестігіміз 98-ден бері жұмыс істеп келеді. Сол қарт кісілердің көңіл-күйі көтеру үшін, қарт кісілердің көзқарасын өзгерту үшін. Енді бүгінгі күні қарт кісілер бұл өмірде бізге орын жоқ деген әңгімеге келмесін деп. Осы өмірдің  өздері  белсенді азаматтары болып санасын деп ойлаймын.