Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздарын мараппаттады

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2018
  • 3184

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының қалалық жеңімпаздарын марапаттады. Аталмыш сайыс биыл осымен 5-ші рет өтізіліп отыр. Мақсаты - өмірдің қиыңдығына тап болған жандарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, ұсынған жобаларын қолдау. Осы бағытта партияның Астана қалалық филиалына 20 -дан астам өтініш түскен.

Владислав Сергеев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Осы жылда «Нұр Отан» партиясы бұл конкурсты ұйымдастырып жатыр. Қоғамдық ұйымдардан 20-дан астам өтініш келді. Өте маңызды жобалар бар. Яғни "жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген қағиданы ұстана отырып, жұмысымызды әрі қарай жандандыруға ат салысуымыз керек. Елбасымыз айтқандай, «Мұқтаж жандарға қамқорлық - ел дамуының көрсеткіші».

Байқау жеңімпазы «Ардагер» қоғамдық бірлестігі атанды. Бірлестік  20 жыл қатарынан белсенді түрде жұмысын атқарып келеді. Жас аралығы 57 мен 80-ді құрайтын егде жастағы азаматтарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Айта кететіні, мекеме зейнеткерлерге тегін қызметтерін ұсынады.

Баян Ахметжанова, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің президенті:

Біздің жоба қарт кісілердің көңіл көтеруі, олардың осы өмірде өз-өздерін жоғалтпай, өз-өздеріне берік болып, осы өмірде әрбір жастармен бірге жүру деген. Ешкімнен ұялмай, ешқай жерде айтады ғой, мен немерелерімнің алдында олармен бірге жүре алмаймын, олардың білетіндерін мен білмеймін деп. Соның барлығына жаттығып, үйретіп, өмірде ешқай жерден қалмасын деген, сондай бастамамыз бар.

Салтанатты жиын соңында барлық қатысушыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаз жобалар енді бақтарын республикалық байқауда сынайды.