Русский Сайттың толық нұсқасы

Аймақтарда «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» іріктелуде

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2018
  • 2991

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы жеңімпаздары анықталды. Шараға «Нұр Отан» партиясы қолдау білдіріп отыр. Мақсат - әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуде мемлекет, қоғамдық ұйым, бизнес пен жекелеген тұлғалардың күшін біріктіру. Көктемде басталған республикалық байқауға елдің әр түкпірінен 300-ге тарта жоба ұсынылыпты. Ал Батыс Қазақстан облысынан 28 жоба түскен.

Серік Сүлеймен, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың өзінің кәсіптерін ашып, өзінің жұмыстарын жасап, сонымен бірге өзінің жаңағы жұмыс орындарын ашып, я болмаса халыққа тиісті, қажетті бұйымдарын жасап, қалаберді сол өзі мүмкіндігі шектеулі азамат болса да, жаңағы меценат болып демеушілік көрсетіп жүрген азаматтарды бүкіл Қазақстанға насихаттау, көрсету.

Ал Маңғыстау облысында 19 жоба қазылар алқасының қарауына түскен. Қыркүйек айында үздік үштік республикалық сынға жолдама алды. Байқауда бағын сынауға тілек білдіргендердің арасында үкіметтік емес ұйымдар, мүгедектер ұйымдары мен халықтың тұрмысы төмен тобымен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер бар. Солардың ішінде 1-орын жергілікті телевизиялық авторлық жоба көптің көңілінен шығыпты. Қиын жағдайда қалған мұңлықтар мен мүгедектерге қоғам назарын аудартып жүрген жоба жомарт жандарды да тауып, көмек көрсетуге сеп болған.

Маржан Медиева, «Үміт сәулесі» телевизиялық жобасының авторы:

Өзімнің авторлық бағдарламам "Үміт сәулесін" жүргізгелі 11 жыл уақыт өтті. Бірақ бірінші рет осындай байқауға қатысып, бірден бірінші орынды иеленгенім мен үшін өте қуанышты. Осы байқауды, үлкен маңызға ие үлкен байқауды ұйымдастырып отырған "Нұр Отан" партиясына, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көптен-көп рақметімді айтамын.