Мексикада болған ұшақ апатына қатты жел себеп болуы мүмкін. Бүгін ел билігі осындай жорамал жасады. Кеше Дуранго қаласынан Мехикоға бағыт алған ұшақ жерден көтеріле бергені сол, қайта құлаған еді. Бортта 99 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған. Абырой болғанда, кісі өлімі тіркелген жоқ.
Лоренцо
Нунез, жолаушы:
Ұшақ
енді ғана көтеріле бастаған еді. Кенет біз гүрс еткен дауыс естідік. Содан соң
ұшақ қайта жерге беттеп барып, құлады.
Әуе
көлігі көлденеңнен құлаған. Жолаушылар дереу шығып, қашып үлгерген. Мұнан соң
айлақ отқа ораныпты. Әуе компания өкілдері ұшақтың техникалық жағдайы жақсы
болған дейді. Соңғы рет ақпан айында тексерістен өткен. Ал, экипаж мүшелері
ұшуға сақадай сай болғандарын айтады. Нақты себебін тергеу анықтайды, ал, бортта
болған 98 жолаушы дәрігерлер қарауына жіберілген.
Серджио
Гонзалез, дәрігер:
Зардап шеккендер әлі де бақылаудан өтіп жатыр. Десе де 25 адамның аса қатты жарақат алмағаны мәлім. Ал 10 адамның жағдайы ауырлау. Тағы біреуіне ота жасауға дайындалып жатырмыз.