Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі
кеңестің мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі
хабарлайды. Кеңес мүшелері қатарында әлемдегі беделді қаржы
институттарының басшылары бар. Басқосуда «Астана» халықаралық қаржы орталығының
алдағы жұмыстары талқыланды. Әлемдегі
озық тәжірибелер негізінде орталық құру ісі экономиканы әртараптандырып,
орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Президент мұны айрықша атап
өтті.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мы
здесь создадим такой центр. Если мы сумеем создать и заинтересовать наш регион, и центр станет центром обслуживания
«Экономического пояса Шелкового пути» и прихватит эту нишу и начнет постепенно развиваться.
Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Ресей Сбербанкінің» басқарма төрағасы
Герман Грефті қабылдады. Кездесуде банктің Қазақстандағы қызметі, қаржы секторы
мен банк жүйесін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Герман
Греф, «Сбербанк России» ААҚ басқарма төрағасы:
Қазақстанда
дағдарыс кезінде тиімді реформалар жасаудың тамаша мүмкіндігі бар. Сіздерде
қабылданған "100 қадам" Ұлт жоспары бұған нақты дәлел. Қиындықтарға
қарамастан, бұл елдегі банк қызметі биыл айтарлықтай тұрақты болды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА