Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жаңадан салынып жатқан нысан қирап, 3 адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2018
  • 3038

Астанада жаңадан салынып жатқан нысан астында қалған жұмысшылардың жағдайы орташа. Бүгін дәрігерлер олардың өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын жеткізді.

Әйгерім Ардақ, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

3 зардап шеккенді 1 қалалық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің денсаулық жағдайы орташа тұрақты деп бағаланып отыр. Медициналық көмек әрқайсысына толыққанды қамтамасыз етілді. 3 зардап шеккен адамдар қазірде аурухананың бейінді бөлімшелеріне жатқызылды. 

Оқиға Юго-Восток ауданында болған. Жаңадан тұрғызылып жатқан бірнеше қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабат аралығындағы еден құлаған. Үйінді астында 18, 35 және 48 жастағы жұмысшылар қалып қойған. Дене жарақатын алғандар қазір қалалық № 1 ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал оқиғаға байланысты ішкі істер департаментінде тергеу жұмыстары басталды.