Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында қырым қанды безгегінен аудандық аурухана мейірбикесі көз жұмды

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2018
  • 2857

Қызылорда облысында кене шаққан әйел қырым қанды безгегінен көз жұмды. Қайғылы жағдайды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері растады. Жаңақорған ауданының 38 жастағы тұрғыны қауіпті аурудың алғашқы белгілері білінген бойда дәрігерге жүгінген. Марқұм аудандық ауруханада мейірбике болып жұмыс істепті. "29-шы шілдеден бері ем-дом қабылдағанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады", - дейді ақ халаттылар.

Айна Мұхамбетова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері: 

Өзі елді мекенде тұрады. Мал сауады, мал ұстайды, сиыр сауатын кісі. Кенені былай нақты айтпаған, бірақ Жаңақорған кененің нағыз ошағы болады

Дәрігерлер науқаспен қарым-қатынаста болғандар іздестіріліп жатқанын жеткізді. Өңірде жыл басынан бері безгек белгілерімен күдікті ретінде 9 науқас тіркелген. Оның екеуінің диагнозы расталған. Оның бірі қайтыс болған келіншек болса, екіншісі 30 жастағы қала тұрғыны. Қазір ол дәрігерлер бақылауында.